"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ КАЛАСЫНЫҢ №21 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №21 ГОРОДА КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2025 жылға арналған есеп

27.02.2026

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы
2025 жылға арналған есеп

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 06 ақпандағы № А–2/35 «2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде жария талқылау басталатынын хабарлаймыз.

 

          «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының № 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес ұйым болып табылады, заңды тұлға мәртебесіне ие және білім беру, түзету функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған.

Мекеме Ақмола облысы әкімінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № А-2/64 қаулысы негізінде құрылған.

Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жеңіс көшесі, 32-үй.

 

1. Қызмет көрсетушінің атауы:
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының № 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:
«Электрондық үкімет» веб-порталы – www.egov.kz

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
Қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін.
Құжаттарды тапсыру үшін күту уақытының ең жоғары ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.

 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны:
Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.

 

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда):
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

ПМПК қорытындысы.

 

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын немесе қолданылу мерзімі өткен құжатты ұсынған жағдайда, қызмет көрсетуші осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды белгіленген мерзімдерде дайындайды.

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

 

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Электрондық үкімет порталы

2025 жылы көрсетілген қызметтер саны

Электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны

Қағаз нұсқада көрсетілген қызметтер саны

1

0

78

78

0

78

 

 

     Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан негізделген бас тартулар саны – 8, электрондық форматта.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

 

Жыл сайын халықты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

2025 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп 2026 жылғы 01.03-ке дейін ресми сайтта және әлеуметтік желіде жарияланады:
https://www.instagram.com/kabinetkorrekcii21
https://kppk-21.aqmoedu.kz/cp

2025 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау 2026 жылғы 30 наурызға дейін өткізу жоспарланған.

2025 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді өткізу қорытындылары туралы қорытынды 2026 жылғы 08.04-ке дейін ресми сайтта, Instagram әлеуметтік желісінде және КППК №21 ресми сайтында орналастырылады.

Ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп Ақмола облысының білім басқармасына ұсынылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету сапасына қатысты бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ.

 

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст